Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай АҚШ талап еткендей Иран мұнайын сатып алуды азайтпайды - Bloomberg

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2018
  • 2369

Қытай АҚШ талап еткендей Иран мұнайын сатып алуды азайтпайды. Bloomberg-тің хабарлауынша, осылайша Пекин Американың Иранға енгізген санкциясын қолдамаған. Дегенмен екі ел арасындағы келіссөзге қатысушы Қытай тарапы Иран мұнайын сатып алуды арттырмайтынын мәлімдеген. Ал АҚШ өкілдері, қарашада санкция күшіне енген соң, өзге елдермен Иран мұнайын сатып алуды тоқтату мәселесін талқыламақ. АҚШ Мемлекеттік департаментіндегілер Вашингтон өзінің одақтастарын оған сендіруге тырысатындарын мәлімдеді.

Айта кетейік, Дональд Трамп Иранмен жасалған ядролық бағдарлама келісімінен біржақты бас тартып, санкцияларды қайта енгізетінін мәлімдеді. Тіпті Иранмен қарым-қарынасын үзбеген елдерге де санкция жариялайтынын айтып қорқытты. Ал Иран мұнайының ірі тұтынушысы Қытай бұған дейін де одан бас тарта алмайтынын мәлімдеген еді. Шілде айында Иран сатқан мұнайдың 35 пайызы Қытайға импортталған.