Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстан Қазақстанға импортталатын тауарларға баж салығының көлемін азайтуды сұрап отыр

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2018
  • 2675

Ауғанстан Қазақстанға импортталатын тауарларға баж салығының көлемін азайтуды сұрап отыр. Елдің өнеркәсіп және сауда министрі Хумаюн Расавтің айтутынша, бұл екі ел арасындағы алыс-берісті жаңа деңгейге көтереді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінде өткен бизнес-форумда айтылды. Ауғанстан министрі тауар айналымын қазір қолға алынған «Үш мемлекет» транзиттік келісімі де арттырады деп отыр. Қаңтар-сәуір аралығында қазақ-ауған арасындағы сауда-саттық 180 млн АҚШ долларын құраған. Бұл былтырғы мерзімнен 19 пайызға жоғары. «Үш мемлекет» транзиттік келісімі сәтті аяқталса, бұл көрстеткіш әлдеқайда жоғары болады деген жоспар бар.

Хумаюн Расав, Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі:

Біз экспорттайтын тауарға Қазақстан тарапы салықты азайтса, екі ел үшін де тиімді болар еді. Сондай-ақ өздеріңізге белгілі кейбір кедендік кедергілерді де жою керек. Ал «Ауғанстан-Өзбекстан-Қазақстан» және «Ауғанстан-Түркіменстан-Қазақстан» деген үш жақты транзиттік келісімнің жұмысын кештетпей бастау қажет.

Арыстан Қабыкенов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Салықты төмендету бойынша біз Еуразиялық одаққа мүше ел болғандықтан, одақтас елдермен күрделі жұмыс жүруі керек. Бірақ бұған байланбай, "Үш мемлекет" транзиттік келісімі арқылы да жақсы деңгейге көтерілуге болады. Тіпті қазірдің өзінде екі ел арасында өсім байқалады. Сондықтан бұл келісім қос елдің де бизнес өкілдеріне жаңа нарықтың ашылуына жол ашатын болады.