Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда мемлекеттік қызметке үміткерлердің тең жартысы сынақтан өте алмайды - Облыстық мемлекеттік қызмет басқармасы

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2018
  • 2567

Павлодарда мемлекеттік қызметке үміткерлердің тең жартысы тест тапсырудан сүрінеді. Бүгінде өңір бойынша 350 вакансия бос тұр. Оның басым бөлігі ауылдық аймақтарда. Мемлекеттік қызмет басқармасының өкілдері осылай деді. Олардың дерегінше, жас мамандардың елді мекендерге барып жұмыс істеуге құлқы жоқ. Бұған басты себеп - жалақының төмендігі. Мамандардың тұрақтамауына лауазымының өсуі де әсер етеді екен. Енді бірі кәсіпкерлікке бет бұратын көрінеді. Айта кетейік, қазір облыста 4 800 мемлекеттік қызметші бар.

Дидар Ыбыраев, Павлодар облыстық мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы:

Бізде тестілеуден үміткерлердің 55 пайызы ғана өтеді. Яғни тең жартысы шекті межені ала алмайды. Бос орындар негізінен ауылдық және аудандық деңгейде көп. Бұл енді жалақының төмендігімен байланысты. Облыс орталығында білім алып, диплом алған адам ауылға, төмен еңбекақыға барғысы келмейді.