Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртауда балалар ауылының тәрбиеленушілері "жетім болғандары үшін" лагерге бара алмаған

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2018
  • 6175

Теміртаулық бір топ бала «жетім болғандары үшін» жазғы демалыс лагеріне бара алмай қалды. Осылай деген "SOS Теміртау балалар ауылының" басшысы Қостанайдағы «Мерей» демалыс орнын сотқа бермек. 18 жеткіншек көктемнен бері күткен жоспарлы сапардан қалған. Қостанайдағы сауықтыру лагерінің директоры сапардың дәл алдында тәрбиеленушілерді қабылдай алмайтынын хабарлап, екі жақты келісімшартты бұзған. Балалар үйінің басшысы телефон арқылы жүрген әңгімені бізге ұсынды.

-Был у нас печальный опыт. Объединяли коммерческих детей и детей сирот, и был печальный случай. Поэтому мы вынуждены вам отказать в приеме детей, мы приняли решение , что ваших детей принимать не будем.- Вы меня, честно говоря, убили. Они у нас чемоданы складывают уже. Как мы это объясним? - А как родители отнесутся другие, когда узнают, что их дети с такими детьми отдыхают? - А что дети-сироты - изгои?- Мы очень скептически относимся.

Валерий Дубровский,  «SOS Теміртау балалар ауылы» жекеше білім беру мекемесінің директоры:

Келісімшартқа «Мерей» ЖШС-нің директоры Теміржан Күлтасов қол қойған. Бірақ келісімді Ғабит Сергейұлы Құсайынов жүргізген. Осы азаматпен сөйлесіп жүрдік. Балаларды бұлай бөліп қарапайым демалыстан айыру - әлеуметтік жағдайға байланысты кемсіту деген сөз. 15 жылда бірінші рет осындай жағдайға тап болдық.

Телефонмен өзін Ғабит Құсайынов деп таныстырған лагерь өкілін балалар үйінің мамандары көндіре алмаған. Келесі күні жолдамаларға төленген 8 жүз мың теңгеден астам қаржыны қайтарып алған. Ал пойыздың жолақысына жұмсалған ақшаның тең жартысы ғана қолдарына тиген. Ақыры 31-інші шілдеде Қостанайға аттанғалы отырған 18 бала бірнеше күннен кейін Баянауылдағы демалыс орнына жіберілген. Барлығы - Теміртаудағы балалар ауылының тәрбиеленушілері 7-8 ден бір отбасында, яғни қамқоршы педагог-ананың қолында өседі. Ауылдағы арнайы үйлерде тұрғанымен, өзгелермен бірдей өмір сүреді. Тәлімгерлердің айтуынша, әлеуметтік ортаға толық бейімделген, ақыл-ойлары озық, дендері сау кәдімгі балалар. Осыған қарамастан, тек биологиялық ата-аналарынан айырылғандары үшін қағажау көруі тиіс емес. Сондықтан  басшылық "кінәлілер моральдық, материалдық өтемақы төлеп қана қоймай, балаларды кемсіткені үшін жауапқа тартылсын" деп отыр.

Валерий Карлаш, заңгер:

Моральдық тұрғыдан, айтпасақ та, түсінікті. ҚР Қылмыстық кодексінің 145-інші бабында «Азаматтар мен адамның теңдігін бұзу» туралы нақты жазылған.  Бұл жағдайда кім бұл заңды бұзды, директор ма әлде басқа біреу ме? Оны прокуратура анықтайды.