Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнетақы қаражатын шетел асырған кәсіпкердің Лондонда 6 элиталы үйі бар екені анықталған - БЖЗҚ

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2018
  • 2537

Қазақстандықтардың зейнетақы қаражатын шетел асырған ірі кәсіпкер Мақсат Әріптің Лондонда 6 элиталы үйі бар екені анықталды. Бұл туралы Алматыда ұйымдастырылған баспасөз маслихатында Біріңғай  жинақтаушы зейнетақы қорының заң бойынша департамент директоры Назым Бақтыбаев мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, жылжымайтын мүліктер 25 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Үйлер кипрлік компанияға тиесілі, ал ол Мақсат Әріптің енесінің атына жазылған. Зейнетақы қорының өтінішімен  6 үй де лондондық соттың шешімімен ішінара бұғаттауға алынған.

Назым Бақтыбаев, «БЖЗҚ» АҚ заң департаментінің директоры:

Құны 25 миллион АҚШ долларын құрайтын Лондонда 6 элиталы баспананы анықтадық. Бірақ бұл мүлікке қатысты соңғы сот отырысы осы жылдың 31-ші қазанына белгіленіп отыр. Сол кезде бұл үйлердің нақты кімге тиесілі екендігі белгілі болады.

Ал бүгінде зейнетақы қорына берешегі бар 20 эмитенттің қарызы 40 миллиард теңгеден асып жығылады. Оларға соттың шешімімен 3 ай ішінде өз еркімен қайтаруға уақыт берілген.  Ондай шешім 22 маусымда күшіне еніпті. Содан бері «Бузгул Аурум» ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев қана қарызды қайтаратынын айтқан. Бірақ әлі ешқандай ақша түспеді,- деді департамент директоры.