Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері астаналық көлік жүргізушілері 165 мыңнан астам жол ережесін бұзған

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2018
  • 3298

Жыл басынан бері астаналық көлік жүргізушілері 165 мыңнан астам жол ережесін бұзған. «Сергек» камерасына іліккендердің айыппұлы 1 миллиардтан асқан. Қазіргі кезде жол ережесін өрескел бұзғандар оның жартысын ғана қайтарыпты. Бүгін қалған айыппұлды өндіру үшін "Борышкер" атты арнайы рейд өткізілді. Айпыпұлды дер кезінде төлегендерге қандай жеңілдік қарастырылады? Тілші тарқатады.

«Сергек» камерасына күніне 400-дей құқық бұзушылық тіркеледі. Жүргізушілердің көбі жылдамдықты асырған, автобус жолағына шығып, тоқтау сызығынан асып кеткен. Солардың бірі - Нияз Нұрқайдаров. Астана тұрғыны "Сергек" камерасына алғаш рет түсіп қалғанын айтады.

Нияз Нұрқайдаров, Астана қаласының тұрғыны:

Негізі бірінші штрафым болып тұр сол «Сергек» бойынша. СМС келгеннен кейін бірден төлеп тұрмын. 12 мың теңге. Мен 50 пайыздық жеңілдікпен төлеп тұрмын.

Айыппұлдың төленбегенін ескерту үшін бүгін құқыққорғаушылар рейдке шықты. Олар жол ережесін бұзушыларға ескертуді мынандай планшеттер арқылы да жасап жатыр.

Сабина Мәдиқызы, тілші:

«Сергек»  камерасының қырағы көзіне іліккен көлік жүргізушілері айыппұлды мынандай планшеттердің көмегімен көшеде де төлей алады. Өйткені мына планшет бейнебақылау камерасына  тікелей қосылған. Ал тәртіп сақшылары камерадан кем дегенде 700 метр ара қашықтықта тұруы қажет.

Астанада жыл басынан бері 165 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Яғни астаналық көлік жүргізушілері бюджетке 1 миллиардқа жуық қаржы қарыз. Қазір бұл қаражаттың тек 433 миллионы ғана төленген. 

Салтанат Дуйсебаева, Астана қ, ІІД ӘПБ әкімшілік-тәжірибе бөлімінің аға инспекторы:

Біз смс арқылы жібереміз. "Қазпоштамен" жұмыс жасаймыз. Олар апарып беріп, ол кісіге қол қойдыртқаннан бастап, яғни ол кісі нақты түрде анықтап, қол жеткізді, яғни өзінің әкімшілік құқық бұзушылығы барын білгеннен бастап, 7 тәуліктің ішінде төлесе, ол 50 пайызын ғана төлейді. Ал 7 тәуліктен кейін төлемеген жағдайда, 100 пайызын толық төлейді.

«Сергек» камерасының арқасында қоғамдық орындармен көшелерде қылмыстар саны азайған. Сондықтан алдағы уақытта мұндай камералардың тағы 3 мыңға жуығы орнатылады. 

Сабина МӘДИҚЫЗЫ