Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 140 қайың ағашы кесіліп, оның орнына көлік жолы салынатын болды

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2018
  • 7946

Қарағандыдағы тоғай ағаштары кесіліп, оның орнына көлік жолы салынатын болды. Кеншілер шаһарының солтүстік айналма жолында Орталық- Оңтүстік дәлізінің құрылысын жүргізу үшін 140 қайың шабылмақ. Бұл туралы бүгін баспасөз маслихатында жергілікті атқамінерлер айтты. Жол құрылысы биылғы жылдың аяғында басталатынын хабарлады. Кесілген ағаштардың орнына 4 мыңға жуық жаңа көшет отырғызылады деді.

Руслан Төлепбаев,Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

Таразы басына жол мен орман салынып отырған жоқ. Экономикалық қана емес, экологиялық маңызы да ескерілді. 20 мыңнан астам көлік қазіргі таңда қала ішімен жүріп өтеді. Қоршаған ортаны ластап жатыр. Қайыңдарды кеспеске амал жоқ, әйтпесе қаптаған машиналарды қала сыртымен жүргізетін жол да болмайды.

Дау туғызған жасанды орман 1980 жылдары пайда болған. Сол кезде отырғызылған қарағайлар мен қайыңдар 100 гектардан астам аумақты алып жатыр. Халық « Қайыңды тоғай» атап кеткен көрікті жерге демалыстан бөлек, саңырауқұлақ теруге де келетіндер бар. Онсыз да экологиясы нашар шаһардағы орманның кесілуі халықтың жаппай наразылығын туғызған. 

Елена Олимпиук, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Мұнда біз таза ауамен демалу үшін келеміз. Ауасы қандай тамаша! Осының бәрін құртудың өзі күнә. Жолды 5-10 метрге жылжытып, сақтап қалуға болады ғой.

Наталья Добрынина,Қарағанды қаласының тұрғыны:

Бұл орман - адамдардың жылдар бойғы еңбегінің жемісі. Қаншама жыл бұрын отырғызылды. Үйге жақын, балалармен жиі келіп тұрамыз.