Русский Сайттың толық нұсқасы

Дизель отыны неге қымбаттады?

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2018
  • 4245

Доллардың қымбаттауы дизель отыны бағасына әсер етпейді. «Kazenergy» қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Қабжанов осылай деді. Оның айтуынша, Қазақстан бүгінде ішкі сұранысты 90 пайызыға қамтып отыр. Импортқа тәуелділік жоқ.  Дегенмен, экономикада теріс көрсетікштер айтарлықтай көбейсе, баға өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ ол сұйық отын құны неліктен күрт қымбаттап кеткенін түсіндірді.

Рүстем Қабжанов, "Kazenergy" қауымдастығының атқарушы директоры:

Жанармай өндіру бойынша зауыттардың шығындары өсті. Мұнай өңдеу зауыттарындағы жаңғырту жұмыстарынан кейін процессинг мөлшерлемесі 15 пайызға артты. Дизель отынының қымбаттауына енгізілген акциздер де әсер етті. Ол тоннасына 10 мың теңгеге тарта жоғарылады.

Еске салайық, соңғы екі жылда елде солярка бағасы 170 пайызға, яғни екі есе жуық қымбаттап кетті. Бүгінде жанармай құю стансаларында бір литр дизель отынының құны 185-187 теңге. Зауытта отынның литрі 150 теңге тұрады. Осы бағаға литріне 5 теңге тасымалдау құны, 4 теңге шамасында мұнай базаларында сақтау шығындары және әр литріне 2 теңге көлемінде маржа қосылады. Кабжанов, осылайша, орташа баға 161 теңге дейді.