Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде үздік әлеуметтік жобалар анықталды

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2018
  • 2562

Ақтөбеде «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобасы» байқауының аймақтық жеңімпаздары анықталды. 11 қоғамдық бірлестік ішінен «Қуаныш дыбыста» қоғамдық бірлестігі ұсынған «Барлығы өз қолыңда» жобасы бірінші орынға лайық деп танылды. Жоба мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеп, әр түрлі кедергілерді жоюларына көмектесу. Сондай-ақ ота арқылы аппарат орнатылған құлағы естімейтін балаларға арнап бейімдеу орталығын құру. Жеңімпаз бірлестік жетекшісі қазір арнайы импланттан кейін бейімдеуді қажет ететін 45 бала есепте тұрғанын айтты. 

Мәрзия Мұхамбетиярова, «Қуаныш дыбыста» қоғамдық бірлестігінің  жетекшісі:

«Бұл өте қажет нәрсе. Себебі біздің балалар кохлеарлы импланттан кейін ұзақ уақыт бейімделу кезеңінен өтеді. Егер ота 3 жасында жасалса, оған бейімделуге 6 жыл керек болады. Яғни 2 есе көп уақыт қажет. Жалпы Ақтөбе облысында ересектер мен балаларды қосқанда жүз адамға кохлеарлы имплант қойылған».

Ал екінші орынға «Атамекен» студенттік құрылыс жасақтары және «Жасыл ел» көгалдандыру жасағының жобасы, үшінші орынға «Ақыл есінде ауытқуы бар мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің «Жан Шуақ» жобасы тұрақтады. Жеңімпаздарға өз идеяларын іске асыруға қажет ақшалай сыйлықтар табысталды. Енді олар республикалық байқаудың үшінші кезеңінде өзге аймақтармен бақ сынасады. «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы 2013 жылдан бері өткізіліп келеді, биылдан бастап оған «Нұр Отан» партиясы ұйытқы болды.