Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ жігіті өртке оранған автобустан 48 адамның өмірін сақтап қалды

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2018
  • 3476

Қазақ жігіті өртке оранған автобустан 48 адамның өмірін сақтап қалды. Оқиға тамыздың 4-нен 5-іне қараған түні Семейден Ресейге қарай бет алған жолаушылар көлігінде болған. Ержан Амарханов Алтай аймағына келгенде автобустың артқы орындығы қызып кеткенін сезіп, оянып кетеді. Ол жан-жағындағы ұйықтап жатқан жолаушыларды оята бастып, автобустан шығаруға әрекеттенген. Ресей Төтенше жағдай министрлігінің ақпарынша, 48 адамның арасында 12 бала болған. Ержанның сөзінше, автобуста құжаттары мен 270 мың рубль көлеміндегі қаражаты өртеніп кеткен. Оған Ресейден көлік алмақ болыпты.

Ержан Амарханов:

Менің айтарым, мына жекемешік автовокзалдарда  автобустардың техникалық жағдайын жіті тексерсе деймін. Біз ол жерде жанып кетсек қайтер едік? Бұл жерде екі елден де қате кетті. Ресей 150 мың рубльді 15 тамызға дейін өтейміз деді. Маған олардың ақшасы қажет емес. Тек автобустардың техникалық жағдайын жөндесе деймін.