Русский Сайттың толық нұсқасы

Екінші Павлодар аумағында су жинақтаушы қазандықтың құрылысы басталды

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2018
  • 2818

Жерасты суынан зардап шеккен Екінші Павлодар аумағында су жинақтаушы қазандық құрылысы басталды. Тереңдігі 4-5 метр алып шұңқыр көктем мен жауын-шашында белуардан су кешетін бұқараның мәселесін түбегейлі шешпек. Жергілікті билік осылай деп сендірді. Құтқарушылардың сөзінше, әзірге су деңгейі не себепті көтерілетіні белгісіз. Оны өңірге шақырылған арнайы мамандар анықтайды. Ал су деңгейі көтерілген 8 көшеде тәулік бойы су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы үш айда аумақтан 60 мың текше метр су шығарылған. 

Қанат Желдібаев, Павлодар қалалық ТЖ және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлім басшысы:

Су басқан 8 көшенің тұрғындары биылғы қысты жерасты суынсыз қарсы алады деп сеніммен айта аламын. Өйткені бұл жағдай өңір басшылығының ғана емес, Астананың жіті бақылауында.

Бұрын жерасты суы тек көктем мен жауыннан кейін көтерілсе, қазір жағдай күрделі. Су деңгейі әлі тартылмай тұр. Кей үйлерде еденге дейін жеткен. Сондықтан тұрғындардың көбі жертөле мен бау-бақшадан бас тартуға мәжбүр болған.

Михаил Курибло, Павлодар қаласының тұрғыны:

Мен маман емеспін. Бірақ бір білерім, бұрын бұл жақта су сору станциялары болған. Ол кезде мұндай мәселе болмайтын. Сондықтан қазандықтың пайда болуымен жерасты суының деңгейі түседі деген үміттемін. Бәлкім, біз ойлағандай болмас, бірақ өзгерістің болары анық. Соған сеніп отырмыз.