Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде газ бағасы қымбаттады

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2018
  • 6398

Елде газ бағасы қымбаттады. Бұл туралы energyprom.kz порталы хабарлайды. Биыл табиғи газдың бағасы 8,2 пайызға шарықтаған. Қымбатшылық, әсіресе, Тараз бен Ақтөбе тұрғындарының қалтасын қағып тұр. Айта кетсек, Таразда газдың бір текше метрі 23-тен 27 теңгеге өскен. Ал Ақтөбеде 8-ден 10 теңгеге қымбаттаған. Сондай-ақ, сұйылтылған газдың да құны біршама жоғарылағаны байқалады. Астаналықтар сұйық отынның 1 кг үшін 140 теңге төлесе, қызылжарлықтар 183 теңгеге сатып алып отыр. Сонымен қатар газ балонының да бағасы шарықтаған. Биыл оралдықтар 50 литр газды былтырғыдай 2400 теңгеге емес, 3 мыңға алып жатыр. Оған қарағанда, Астана тұрығындары 300 теңгеге кем төлейді. Яғни 2700 теңге. Алайда, елде табиғи газдың өндірісі артқан. Жыл басынан 28,6 млрд текше метр көгілдір отын өндірілген.