Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорғаныс министрлігі Алматы полигонындағы жарылыс себебін жарияламады

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2018
  • 3053

Алматы облысында екі күн бұрын тоғыз әскери зардап шеккен жарылыстың себебі әзірге белгісіз. Тексеру тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Ал түрлі дене жаратттарымен ауруханаға жеткізілген жауынгерлердің жағдайы жақсарып келеді. Бүгін ата-аналары госпитальге кіріп, балаларының жағдайын біліп шыққан. Дегенмен, жаралы жауынгерлерге санаулы туысы ғана кіре алған. Көпшілігі госпиталь алдында тұр. Себебі сарбаздар әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар "Оқиғаға не себеп болғаны әлде ненің жарылғаны маңызды емес, бастысы, балаларымыздың амандығы» деп отыр.

Райгүл Қасенова, жапа шеккен жауынгердің әпкесі:

Балаларымыз әйбат. Дендері сау, жақсы. Бстысы, бізге балаларымыз аман болсын. Қалғаны бізге қатысты емес. Оны сосын. Қазір ең бастысы, біздің балаларымыздың аман болғаны. Пока біз ештеңе сұрап, нетіп жатқан жоқпыз.

Десе де әскери-клиникалық госпиталь мамандары жауынгерлердің әлі біраз ем қабылдайтынын айтады. Айта кетейік, оқиға 14-ші тамыз күні болған. «Қазақстан» әскери полигонында нысана қойып жүргенде  келісімшартпен қызметке тұрған алты жауынгер және 3 сарбаз белгісіз заттың жарылуынан жарақат алады. Арасында алғаш есін жиған кіші сержант Мадияр Ахметов аяғынан жарақат алғанына қарамастан, 3 шақырым жердегі жазғы лагерьге КамАЗбен жетіп, көмек шықарған.