Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда мамандарға арналған «IT-орталық» ашылды

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2018
  • 4926

Жамбылда жұмыссыз жүрген 50 маман енді «IT» білімін арттырмақ. Біліктілігін жетілдіруге ниеттілер ай сайын шәкіртақы алып, жатын орынмен де қамтылады. Бұл туралы «Нұр Отанның» жергілікті филиалы ашқан «IT-орталықтың» ашылу салтанатында айтылды. Тараз Мемлекеттік университетінінің базасында ашылған білім беру орталығында оқитындар «Бағдарламалау» бағыты бойынша білікітіліктерін арттырады.

Оған облыстың  он ауданынан 30, ал  Тараз қаласынан 20 жұмыссыз шақырылған. Бірақ барлығының да компьютерлік білім бойынша дипломдары бар. Оларды оқытудағы мақсат - цифрлық сауаттылықты арттырып, заманауи IT-мамандарын  даярлау. Бұдан бөлек, осы орталықта оқыған мамандар болашақта әр аудан, ауылға барып IT-сыныптарда сабақ береді. Оқытылатын 50 адам екі топқа бөлініп, 3 ай бойы 5 курс бойынша білім алады. Оқу барысында бүгінде сұранысқа ие «Java», «Python», «PHP» және «C/C++» бағдарламалары тереңдетіліп үйретіледі. Әрі сайт ашу, мобильдік қосымшаларды іске асыру бағыттары бойынша білім алады. Оларға ай сайын 16 мың теңге шәкіртақы және жатын орындары үшін 12 мың теңгеден беріліп тұрады.

Шәбден Тілеумұрат , «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының м.а.:

Жобаның негізінде республика бойынша 20 орталық ашылу керек болатын болса, соның бірі мына біздің облысымыздағы іргелі оқу орны Тараз Мемлекеттік университетінің базасында ашылып, оған «IT-мамандығы» бар, жұмыссыз жүрген жастар тартылып отыр. Бұдан ары қарай алып кетіп жатқан азаматтар аудандарда, ауылды жерлерде ашылып жатқан «IT-сыныптарда» сабақ беру мақсатында да дайындап отырмыз.