Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент әуежайында жаңа терминал салынатын болады

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2018
  • 3134

Шымкент әуежайында жаңа терминал салынатын болады. Шаһардың қысқа мерзімге жоспарланған бірқатар ірі жобаларын бүгін қала әкімі Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа таныстырды. Терминал құрылысына СКАТ әуе компаниясы 50 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салмақшы. Әкімдік тарапынан оған қажет 3 гектар жер бөлініп, жол мен автотұрақ салынады. Ғабидолла Әбдірахымов тек бұл үшін республикалық меншіктегі әуежайды қаланың қарамағына өткізуге жәрдем беруді сұрады. Шаһар басшысы сондай-ақ, Шымкент мұнай өңдеу зауытын модернизациялау жайын да көтерді. Жаңғырту жұмыстарын 2014 жылы бастаған зауыттың өнім көлемі қыркүйек айынан бастап 6 млн тоннаға жетеді. Қала әкімі өнімділікті мұнан да арттыру жөнінде ұсыныс айтты.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

Бұрын 4,5 млн тонна болған. ПетроКазахстан компаниясы ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін және Орта Азия нарығына шығу үшін, Шымкент зауытын кеңейтуді және мұнай өңдеу мүмкіндігін жылына 10 млн тоннаға жеткізуді ұсынып отыр. Біз бұл ұсынысты қолдаймыз.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер –министрі:

Төртінші зауыт соқпайық, осы жерді кеңейтейік деп отырсыз ғой?! - Иә. -Атырау айтады: біз кеңейтейік, дейді. Ақтау айтады  -Біз соғамыз, дейді. -Біз өзіміздің пікірімізді айтамыз. Сіздер шешім қабылдайсыздар. -Қазір қарап жатыр. .. сосын қарайды, қай жерде тиімді, солай шешім қабылданатын болады.

Еліміздегі респубикалық маңызға ие үшінші шаһарда тұрғын үй салу, кәсіпкерлікті дамытып, туризмді түлетуге де барынша маңыз берілуде. Мәселен , Шымкент пен көршілес Ташкент қаласының арасында шойынжолмен небәрі жарты сағатта жету жобасы да жоспарда бар. Сондай-ақ,  Шымкент теміржол вокзалын қайта құру мақсатындағы жоспармен де бөлісті. Қазақстан теміржолы компаниясы бұл мақсатқа 1,6 млрд теңге қарастырып отырғаны белгілі болды. Бұл шаруа 2020 жылы толығымен аяқталатыны айтылды.