Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде мемлекеттік бағдарлама атын жамылған жалған бағдарламалар қаптап кетті

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2018
  • 2657

«7-20-25» бағдарламасымен баспаналы болам деушілер мұқият болғаны абзал. Себебі дәл осындай жүйемен елде мемлекеттік бағдарлама атын жамылған жалған бағдарламалар жария бола бастады. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, кез-келген жағдайда бағдарлама санына үңіле қарап және ресми сайтқа назар аудару қажет. Ал әлгі әлеуметтік желіні желдей кезген әккі саясаттың мемлекеттік бағдарламаға мүлде қатысы жоқ көрінеді. Яғни оны құрылыс компаниялары мен тұрғын үй кооперативтері өздері ойлап тапқан. Сол арқылы «0-20-25», «5-10-25» деген секілді әртүрлі сандық бағдарламалармен халықтың басын қатырып жүр дейді ол.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық компаниясының басқарма төрағасы:

Ол жердегі 25 деген сан ол 25 ай. Біздің бағдарламада 25 жыл. Ол 300 ай деген сөз. Сондай жағдайларға алданып қалмай, біздің бағдарламаны басқа бағдарламадан ажырата білу үшін, осындай сандарға мұқият болса, және де бір сұрақтар болатын болса, біздің ресми сайтымыз бар.

Ал бағдарлама іске қосылған 1 жарым айдың ішінде дәл осы екінші деңгейлі банктер арқылы 1200 несие мақұлданған. Демек, барлығы пәтерлі болды деген сөз. Оның ішінде сұраныстың басым бөлігі екі бөлмелі пәтерлер көрінеді.