Ауған билігі тәліптермен қарулы қақтығысты уақытша тоқтататыны туралы мәлімдеді. Президент Ашраф Ғани жексенбі күні Құрбай айт мерекесіне орай елде қарулы-қақтығыс тоқтатылады деп мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агентігі хабарлайды. Президент өзінің Туиттердегі парақшасында : "Қажылықтың соңғы күні яғни Арафат күнінен бастап Пайғамбардың туған күні 21 қарашаға дейін, тәліптер қолдайды деген шартпен қарулы-қақтығысты тоқтатамыз",- деп жазды. Соңғы рет Ауған үкіметі мен радикалды қозғалыс мұндай мәмлеге 7 мен 17 маусым аралығында келген еді. Ол кезде Рамазан айының аяқталуына орайласқан. Бұл жолы тәліптер құлақ асса, елде 4 ай оқ атылмайды. Сондай-ақ, ел президент қасиетті мерекеге орай 444 сотталушыны бостандыққа жіберу туралы жоспары барын мәлімдеді.