Қарағанды имамдары кәсіпкерлерді құрбандыққа шалынатын мал бағасын шарықтатпауға шақырды. Шаруалар қойдың бағасын 25 мың теңгеден асырмауға келіскен. Ал биыл 85 грамм алтынға татитын нисабы, яғни қаражаты бар азамат құрбандық шалуы міндет. Мұсылман қауымның басты мейрамы жайлы Айжан Қуаш баяндайды.
Қарағанды қалалық мешітінің имамдары мал саудасы қыза түсетін Құрбан айт мерекесінде қарапайым халыққа қолдау көрсетті. Жергілікті кәсіпкерлерді қой бағасын 25 мың теңгеден асырмауға үндеді. Ұсынысты қабыл алар жомарт жандар табылған. Имамдар, халықтың құрбан шалуына септігін тигізудің өзі сауап, дейді.
Қабылбек Жұмабеков, Қарағанды қалалық мешітінің бас имамы:
Қасиетті Құрбан айт - бұл адамдардың сол қой алатын мұқтаждықтарын пайдаланып көп пайда көретін күн емес. Сол мешіттің атынан 2 жүздей қой алғыздық. Оның нарқы 25 мың теңгеден аспайды, оны соятын қасапшыларды да біз дайындап қойдық. Осыны біз адамдарға ғибрат ретінде көрсетіп жатырмыз.
Айжан Қуаш, тілші:
Қарағанды қаласында мал соятын 4 алаң белгіленген. Оларда үш күн бойы мешіт қызметкерлері мен қасапшылар тегін жұмыс істейді. Ал құрбанға шалынған малдың еті мұқтаж жандарға таратылып беріледі.
Ауыл шаруалары қойларын арнайы алаңдарға әкеліп үлгерді. Олардың айтуынша, бүгін малды өз шаңырақтарында соятындар сатып алып жатыр. Ал негізгі сауда ертең таң намазынан кейін басталады. Мешіттерде айт намызынан кейін тұрғындар Құрбан шалуды бастайды.
1 жарым, екі жылдықтар 25- 30 мың, тоқтыларыңыз 1 жылдықтар 20 - 25 . Халықтың ақшалары жетпей жатса біз одан да түсіреміз.
Мейрам Майдилдин, Қарағанды қаласының тұрғыны:
Құрбандық шалайық деп, ата- бабамызға құран бағыштап, жаңадан үй салғанбыз, сол үйімізге құран оқытайық деп қой алдым. Бағалары халықтың көңілінен шығады. Елдің бәрі алып жатыр.
Ал Астана қаласында 6 құрбандық шалу орны белгіленген. Бір ғана "Алтын қазық" мал базарына 3 мың кой мен 150 ірі қара сатылмақ. Мұндағы баға былтырғыдан 2 мыңға қымбаттаған. Ол дизель отынының қымбаттауына байланысты болса керек.
Манарбек Әбенов, "Алтын қазық" МАЛ базары директорының сатып алу жөніндегі орынбасары:
«Бір сиыр 400 мыңға да барады. 360 мыңға да барады. Енді биыл мешіттерден келіп алып жатқан кісілер 7 адам 35 мыңнан санағанда 245 мың болып тұр. Үлкен 4 жасар, 5 жасарлар бар былтыр келіп депутаттар да алды, министрлер де алды. Енді олардың бағасы биіктеу болады. 500 мыңға дейін жетіп қалады».
Құрбан айт мерекесі Рамазаннан 70 күннен кейін тойланады. Бүгін барша мұсылманды елдің бас мүфтиі құттықтады.
Серікбай
Қажы Ораз,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:
«Бисмиллаһи, Рахманир Рахим, Аса қамқор, ерекше
мейірімді алланың атымен бастаймын. Қадірменді қауым, баршаңызды иісі
мұсылман қауымды ұлық мейрам Құрбан
айтпен шын жүректен құттақтаймын. Айт
мейрамы құтты берекелі болғай, әр отбасына амандық, мықты денсаулық, мол ырыс
пен бақ-береке тілейміз».
Құрбандыққа
тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана шалуға болады. Ұсақ малдар бір жасар, сиыр екі жасар, түйе
бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық тоқты бір жасар қой сияқты семіз, етті
болса ғана құрбандыққа шалуға жарайды.
Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалған дұрыс. Тауық, қораз, қаз,
үйрек сияқты құстар құрбандаққа жарамайды.
Ұсақ малдарды бір адамның атынан ғана, ал ірі қараларды бірнеше
мұсылманның атынан шалуға болады.
Құрбан
айт мерекесі еліміздің барлық мешіттерінің алдына киіз үйлер тігіліп
қайырымдылық ас беріледі, дұға оқылады. Сонымен бірге ұлттық спорт ойындары
өтеді. Дін мен дәстүрді ұштастырған мейрам үш күнге жалғасады.
Айжан ҚУАШ