Индонезияды
өтіп жатқан Азиада-2018 жазғы ойындарында Қазақстан қоржынына 13 медаль түсті.
Грек-рим күресінен қазақстандық Алмат Кебісбаев күмісті олжалады. 67 келі
салмақтағы спортшы екі дүркін әлем чемпионы және Азиада-2014 жеңімпазы оңтүстікореялық Рю Хан Суға сәл ғана есе жіберіп алды. Ұпай 5:4. 30 жасар Алмат
Кебісбаев Азияның екі дүркін чемпионы. 4 жыл бұрынғы Азиадада ол үшінші орынды
қанжығалаған еді. Алматтың жүлдесі - Қазақстан қоржынына түскен 13-ші
медаль. Әзірге
алтынды семсерші Дмитрий Алексанин ғана иеленді. Ал күміс бесеу, қола жетеу.
Айта кетейік, Қазақстан алтын алған спортшыларға 10 мың доллар, күміске 5 мың,
ал қола үшін 3 мың доллар қаржылай сый тағайындаған. Жалпы есепте Азия елдері
алғашқы орындарда. Ол Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея.