Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастар идеялары мен жобаларының тізімін жасау қажет - М.Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2018
  • 5565

Жастар идеялары мен жобаларының тізімін жасау қажет. "Зерен" республикалық жазғы оқыту лагерінің үшінші аусымының ашылуына барған "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары осылай деді. Белсенді жастармен кездескен Мәулен Әшімбаев бизнес-бастамалар жайында әңгіме-дүкен құрып, партиялық жобаларды бірге іске асыруға шақырды. 

«Нұр Отан» партиясы жастарды қолдауға арналған 20-дан астам жобаны жүзеге асырып жатыр. Солардың бастылары - ауыл балаларына ағылшын тілін үйрету, мектептерде дұрыс тамақтану жүйесін енгізу,  сондай-ақ қазіргі заманға сай спорт алаңдарын ашып, бастауыш сынып оқушылары үшін «денсаулық сағатын» енгізу. Ал осы істерді нұротандықтар жастармен бірге атқаруға шақырды.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біз енді жастарға ай-ти мамандықтары бойынша арнайы ай-ти сыныптарды ашып отырмыз. Осы айти орталықтарда осы саланы игеруге мүмкіндіктер болады жастардың. Бүгінгі күні 100-ден астам  сынып жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта бұйырса 1000 сыныпқа дейін жеткізетін боламыз. Партиялық жобаларды  жүзеге асыруға мен жастарды шақырдым. Жастардың тарапынан осы жобаларды қолдап отырғанын көріп отырмыз.

Мұнда елдің «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары мен белсенді жастар жиналған. Бейресми кездесу барысында Мәулен Әшімбаевқа көкейдегі сауалдарын қойғысы келгендердің  қарасы көп болды. Мәулен Әшімбаев, қазақстандық жастар қандай қасиетке ие болу қажет, деген сұраққа да жауап берді. Оның ойынша, жастар үш тілде кітап оқуы қажет және көп ізденуі керек. Армандай білу де алысқа жетелейтінін айтты. Республикалық 60 -тан астам пікір-сайысқа қатысып,  52 кубоктың иегері атанған 23 жастағы дебатер бірге атқарар шаруа көп дейді.

Бекарыстан Аманжолов,  «Жас Ұлан»  бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ төрайымының  орынбасары:

Әлемдік теңденцияда IQ бағыты өте маңызды. Эмоционалды оттенкілер бойынша  балалардың рухани азық алуы, тарихын білуі, дәстүрін оқыту мақсатында шаралар өте көп. Солардың барлығын партия тарапымен, үкіметтік емес ұйымдар тарапымен және мемлекеттік сектормен бірлесе үлкен жобаларды көтереміз деп сенеміз. 

Жастардың басын қосқан жастар оқыту лагерінің бұл 3 мауысымы өтіп жатқанын айта кетейік. Осыған дейін мұнда республиканың әр аймағынан 300-ге жуық қыз-жігіт қатысты. Олар елге белгілі бір топ сала мамандарымен кездесіп, түрлі тақырыпқа қатысты пікір алмасты.