Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында жол жиегінде аударылған автобустың үш жолаушысы әлі де ауруханада жатыр

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2018
  • 3668

Алматы облысында жол жиегінде аударылған автобустың үш жолаушысы әлі де ауруханада жатыр. Мұны Іле аудандық аурухана директорының орынбасары Гүлзия Омарова айтты. Оқиға Алматыдан саяжайға дамба арқылы өтетін аумақта болған. №412-ші автобус жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалса керек. Бұл кезде көлікте 29 жолаушы болған. 19 ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында екі бала бар. Дәрігерлер 16 адамды қараған соң үйлеріне жіберген. 4 адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылыпты. Бірақ оның бірі ем алудан бас тартқан. Зардап шеккен екі әйел мен бір бала қазір дәрігерлер бақылауында. Ал көлік жүргізушісі дін аман.

Гүлзия Омарханова, Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары:

Бір әйелдің сол иық сүйегінің басы сынған. Ал екіншісінің 18 апталық жүктілігіне байланысты оны үзу қаупі бар. Науқатардың барлығы стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайларын тұрақты деуге болады.

Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сол кезде апаттың нақты себебі белгілі болмақ. Ал автобус арнайы автотұраққа жеткізілген.

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-ші бабы бойынша қаралады. Айта кету керек, тергеуді істің ақ-қарасын анықтау облыстық басқармасы өз бақылауына алды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды