Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда туристерге арналған дәретхана құны 22 млн теңге тұрады

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2018
  • 3478

Шымбұлаққа туристерді тарту үшін 22 млн теңгеге әжетхатана салынады. Қиқы-жиқы әжетханасы талай мәрте сынға ұшыраған демалыс орыны әкімшілігі ақыры осындай шешімге келген. Ал  қалалық қоғамдық кеңес мүшелері Алматы туристер қаласы деген тек дақпырт сөз дейді. Шымбұлақ, Медеу, Көктөбе сияқты көрікті орындарды арнайы аралап қайтқан тәуелсіз сарапшылар бірде бір шетелдік туристерді кездестірмеген. Қаланы қызықтайтандар көбіне өз отандастармыз екен. Белсенділермен бірге Ришат Асқарбекұлы туристік нысандарды аралап көрді.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері Алматы туризмінің жауһары саналатын Шымбұлақ пен Медеуге шетелдік туристердің келмей жатқанына алаңдаулы. Сыртқы байланыстар мен туризм жөнінідегі қалалық басқарманың мәліметінше, шаһардағы қонақ үйлерге өткен жылы 350 мың шетелдік мейман орналасқан. Бірақ шетелдіктер келуі мүмкін деген нысандарды арнайы аралаған сарапшылар ресми мәліметтерге сенбейтіндерін айтады. 

Нұрлан Жазылбеков, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі: 

Төрт-бес нысанда көріп шыққанда, өкінішке орай, шетелдік турист көрмедік. Сосын не себепті деген ойға келдік. Алматыға сонда туристер қызықпай ма? Әемі қала дейміз Алматыны. Туризм саласында жұмыс істеп жүрген мекемелердің туризмді дамытуға көзқарасы дұрыс емес. Қаланы аралап шықанда бір туристік автобус көрмедік.

Саф ауасы, көркем табиғатымен танымал туристік аймақтарды біз де аралап көрдік. Бірді-екілі шетелдік болмаса, халық көп келетін орындарда негізінен отандық саяхатшылар  басым. Келушілер қызмет көрсету сапасы мен бағаның қымбаттығын айтады.

Шетелге шыққанда келген туристерге жағдай жақсы жасалады да, біздің елде олай емес. Элементарно, гандол жолдың кабинкасының ішіне мінсең, айғыз-айғыз. Қоқыс салатын урна жоқ, отыратын жер қарастырылмаған. Соның кесірінен шығар. 

Тауды айналып немесе қалтарыстан дәретхана іздеп кететін кездеріміз болады. Себебі мұнда жиі келгендіктен, бұл мәселе алдымыздан шығады да тұрады. Неге шешпеске осыны?

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортындағы санитарлық нысандардың мәселесі оқтын-оқтын айтылып тұрады. Мұны алғаш болып осыдан 2 жыл бұрын Нұрлан Жазылбеков әлеуметтік желіде жазған болатын. Алайда шаңғышылар үшін инфрақұрылымның бұл түрі әлі жасалмаған.

Нұрлан Жазылбеков, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі:

Мынау басқа елдерде, мысалы, Швецияда 21 ғасырға лайықты туалеттер бар. Не Шымбұлақтың тапқан табысы жетпей ме? Қанша ақша түсіп жатыр? Ол біздің құтқарушыларға арналған дейді. Өкінішке орай, сол әлі күйден өзгермеген күйі тұр.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктіктегі дәретхана осы жерден бой көтереді. Солтүстік Талғар асуында туристердің сынына ұшыраған бұрынғы санитарлық нысан бұзылыпты. Шымбұлақ әкімшілігі енді бұл олқылықтың орнын биыл шаңғы тебу маусымына дейін шешеміз деп уәде берді.

Әйгілі шаңғы курортының басшылары ерлер мен әйелдерге арналған бір дәретхананың құнын 22 млн теңгеге бағалапты. Демалыс аймағындағы қымбат «құрылыс нысаны» қарашада аяқталмақ.

Владислав Семенов, «Шымбұлақ» ТШК баспасөз хатшысы:

Шымбұлақта салынатын дәретхананың инженерлік құрылымдарын қоспағандағы құны 22 млн теңге. Таулы жер болғандықтан, құрылыс материалдарын ол жерге автокөлікпен емес, Астанадан арнайы тікұшақ жалдап жеткізетін боламыз. Сондықтан ол қымбатқа түсіп отыр.

Ресми деректерде елімізге туризмнен түсетін табыс ішкі жалпы өнімнің 1 пайызын ғана құрайды. Алматы туристер үшін барынша ашық қалаға айналады деп қанша қаражат шашқанымен, туризмнен түсетін пайда мардымсыз. Алатау бөктеріндегі әсем қалаға жылына шамамен 400 мың шетелдік келсе, оның 56 мыңы саяхатшылар.

Ришат Асқарбекұлы