Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеліктер Астананың 20 жылдығына «Бейбітшілік қабырғасын» сыйлады

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2018
  • 2980

Бүгін Астанада "Бейбітшілік қабырғасы" монументі орнатылды. Ақтөбеліктер сыйын президент салтанатты түрде ашты. Жоба негізіне президенттің «Әлем ХХI» антиядролық манифестінің идеясы енгізілген. Сондықтан нысан бүгін халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күніне орай ашылып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біздің еліміз «атом қаруына қарсы бүкіл елдердің көшбасшысы» атағы бар. Оны біз орындап келе жатырмыз. Астанамыз көп халықаралық ұйымдардың кездесетін жері болды. Мәселелер шешешін жері болды. Енді мінекей, бүгін үлкен мынандай монумент ашайын деп отырмыз. Бұл ақтөбеліктердің Астананың 20 жылдығына жасаған сыйлығы.  Бұл монументтің символы дүниежүзіне біз, адамзатқа жар саламыз атом қаруына қарсы күресу қажет деп. Келер ұрпаққа ұмытпаңдар деген осындай үлгі қалдырамыз.

«Бейбітшілік қабырғасы» 111 метрді алып жатыр. Ені 18,4, биіктігі 17 метрден асады. Монументте 2 жарым миллион жарық нүкте бар LED жүйеге қосылған. Облыс бюджетінен тартуға бір тиында да жұмсалмаған. Құны 1,8 млрд тұратын жоба жергілікті кәсіпкерлер қаражатына салынған. Авторлар функционалдығына да, мазмұнына да аса мән берген. 

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

Бұл қабырға мынау ядролық жарысты тоқтату қабырғасы деп есептеледі. Жапырақ ол - бейбітшілік. Қабырғаның соңында 51 тілде бейбітшілік деп жазылған. Оның мағынасы, дүниежүзінде бейбітшілік болуы үшін, оған барлық мемлекеттер, ұлттар өзінің үлесін қосу керек.