Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау обылысында бірнеше мектепте алғашқы қоңырау соғылмай қалуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2018
  • 4598

Ал Атырау облысында тіпті бірнеше мектепте алғашқы қоңырау соғылмай қалуы мүмкін. Мердігер компаниялардың салғырттығынан оқу орындарында әлі күнге дейін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Білім басқармасының хабарлауынша, аймақта мұндай білім ошағы төртеу. Оның үшеуі Құрманғазы ауданында. Солардың бірі - Хиуаз ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мына орта мектеп. Ауыл халқы жіберген суреттерден күрделі жөндеудің бүгін-ертең бітпейтіні байқалады. Мердігер - шымкенттік «Экспресс Строй» компаниясы. Мекеме аудандағы бұдан өзге тағы екі мектепке күрделі жөндеу жүргізіп жатыр. Облыстық білім басқармасының басшысы 1 қыркүйекке дейін жұмыстар аяқталады деп сендіріп отыр. Жөндеу жұмыстарын дер кезінде аяқтау үшін бақылауды күшейткен.

Қайырғали Кенжеғалиев, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы:

Оны 30 тамызға дейін аяқтаймыз деп отырмыз. Бұл жұмыстар июнь айының аяғында басталды. Мердігер компания жұмыс жүргізіп жатыр қазіргі таңда. Ондағы басты проблемалардың бірі - жұмыс күші жиі ауысты. Одан кейін құрылыс материалдарының мерзімінде жеткізілмей, осындай проблемалық мәселелер болды.