Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл мектеп оқулықтарын сатып алуға 28,5 млрд теңге бөлінді

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2018
  • 2505

Білім министрлігі бұдан бейхабар секілді. Биыл мектеп оқулықтарын сатып алуға 28 жарым миллиард теңге жұмсалды дейді. Вице-министр Асхат Аймағанбетовтің айтуынша, облыстар 99 пайызға оқулықпен қамтылған. Тіпті баспадан шыққан кітаптың әр мектепке жеткізілуін  жіті бақылаймыз дейді.  Ал оқулықтардың мазмұнына келетін болсақ, ол  қатаң қоғамдық сараптамадан өтті, дейді Аймағанбетов

Асхат Аймағанбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

Қазір біз оқулықтардың облыстарға тек жеткізілуін ғана емес және әрбір білім ордасына жетуін де бақылап отырамыз. Оларды мектептердің кітапханаларына беріп, әр қарай ата-аналарға үлестіру қажет. Жылына орташа есеппен кітаптарды сатып алуға 28,5 млрд теңге қаржы бөлінеді. 

Министрлік 17 жоғары оқу орнынында сұранысқа сай емес мамандықтарды лицензиясынан айырған. Колледждерге де осындай талап қойылып отыр.