Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жыл соңына дейін тағы 3 автожол ақылы болады

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2018
  • 2672

Қарашадан бастап Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Хоргос автожолдары ақылы жұмыс істеуге көшеді. Оған дейін инфрақұрылым тест режиімінде тексерістен өтеді. Әзірге тариф бекітілген жоқ. «ҚазАвтоЖол» басшылығы әр бағытта төлем әртүрлі болуы мүмкін дейді. Жол ақысынан түскен қаражат оны жөндеуге жұмсалады. Айта кетейік, Астана-Щучинск тас жолы өткен жылы мемлекет қазынасына 1 жарым млрд теңге әкелген. Жыл соңына дейін Қазақстанда барлығы 4 ақылы автобан жұмыс істейді деп күтіледі.

Қайрат Нұртаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақпараттандыру жөніндегі басқарушы директоры:

Астана-Щучинск тас жолындағыдай шақырымына 1 теңге, жақын маңдағы елді мекендерге жылдық абонемент 1000 теңге, бағыттық автобустарға тегін болуы да мүмкін. Қазір тариф мәселесі Инвестициялар және даму министрлігінде шешіліп жатыр. Ал біз төлемді өтеу бойынша банктермен келісіп жатырмыз. Яғни болашақта көлік иелері ақылы жолдарда кезекте кептеліп тұрмас үшін, алдын ала төлем жасай алады. Мобильдік қосымша арқылы тарифті, сондай-ақ ауа-райына байланысты тас жолдардың жағдайын біліп отырады.