Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейге қарсы салынатын келесі санкцияларға дайын болуымыз керек - Т.Сүлейменов

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2018
  • 2550

Егер қараша айында Ресейдің экономикасына қатаң санкциялар салынса, теңгенің тағы да құлдырауына дайын болуымыз керек. Ресей мемлекеттік банкінің активтері бұғатталса, ары қарай бұл елді сыртқы қарыздарына қатысты санкциялар күтіп тұр. "Әсері бізді де айналып өтпейді", - деді бүгін ұлттық экономика министрі. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қаржысын АҚШ долларында сақтап отырған ірі компаниялар табыс табады. Ал қараша айында болуы мүмкін санкциялар пакетіне қатысты Үкіметтің макроэкономикалық есептері мен арнайы жоспарлары алдын ала қарастырылған.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Әрекет ететін жоспарлардың ауқымы кең, оның бәрін айта алмаймын. Себебі жария етуге болмайтын тұстары бар. Егер жағдай қиындаса, қарсы қолданылатын инструменттер бар. Оның мүмкіндіктерін алдағы сейсенбіде премьер-министрдің қатысуымен, Ұлттық банк төрағасы және салалық министрлігі өкілдерімен отырып талқыламақпыз.

Министр АҚШ ақшасының қымбаттауы енді инфляцияға да әсерін тигізетінін айтады. Қазір оның көрсеткіші 6 пайыз. Теңгенің әлсіреуіне орай жыл соңына дейін инфляция 6,7-6,8% дәлізінде тұрақтауы мүмкін. Айта кетейік, бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы күндізгі саудада бір АҚШ доллары 375,60 болып бекітілді. Ал айырбастау орындарында ол 380 теңгеден саудаланып жатыр. АҚШ валютасы тамыз айының басынан бері 6,5 пайызға қымбаттаған.