Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда халық тарапынан «7-20-25» бағдарламасына сұраныс төмен

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2018
  • 2176

Ал премьер-министр өңірлерді  аралап жүр. Петропавлда шілде айынан бері «7-20-25» бағдарламасы бойынша бір-ақ адам қаржыландырылған. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев іс-сапары кезінде белгілі болды. Мемлекеттік бағдарлама аясында Солтүстік Қазақстанда 13 көпқабатты үй салынып жатыр. Басым бөлігі - несиелік тұрғын үйлер. Ал жеке компаниялардың үлесі өте төмен көрінеді. Қазір инвесторлардың қаражатына не бары екі баспана тұрғызылып жатыр. Оның біреуі жылдың аяғына дейін тапсырылмақ. Сағынтаев бұл бағытта тиісті деңгейде жұмыс атқармаған аймақ шенеуніктерін сынға алды. Облыс басшылығы "7-20-25"-ке сұраныстың аз екенін, халықтың  "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін" таңдайтынын айтып ақталды.

- Сколько сегодня по «7-20-25» получили? - Один, через АТФ получил и несколько на расмотрении. - Один мало, не работаете? - Сейчас будут сдаваться вот эти дома.

Антон Федяев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

Бұқара "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен" бет бұрғысы келмейді. Оның пайыздық мөлшерлемесі азырақ, сондай-ақ мемлекеттік сыйақысы да бар. "Основание" серіктестігі салып жатқан көпқабатты үй жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Сол кезде "7-20-25" бағдарламасына сұраныс артады деп сенеміз.