Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда «Балалар медиациясы» құрылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2018
  • 2886

Қазақстанда «балалар медиациясы» құрылуы мүмкін. Мұны Үкіметте өткен жиын барысында балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Айтбаева ұсынды.  Оның сөзінше, не бары 2 айдың ішінде оған 80-ге жуық өтініш келіп түскен. Басым көбі отбасылық, алимент төлеу, тұрғын үй мен білім беру және денсаулық сақтау проблемалары, сондай-ақ сот орындаушылар мәселесі. Омбудсмен түскен сауалдар бойыншы заң жүзінде түсінік беріп, құзырлы органдарға шағымдану тәртібін жеткізген. Ол осы орайда: "Жергілікті атқарушы билік тұрғындардың заңды құқығын түсіндіріп беруге қауқарсыз,"- деді.

Сәуле Айтпаева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, Сенат депутаты:

Жергілікті атқарушы биліктің, денсаулық сақтау саласының проблемасы жиі қозғалады. Балалардың көбі осы мәселені шешкеннен гөрі, тұрғылықты жерін ауыстырып, немесе мүлде басқа мектепке ауысып кеткісі келетін жағдайлар бар. Сондықтан «балалар медиациясын» құру жөнінде ұсыныс бердім. Оған құрметті азаматтар, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, тағы басқасы мүшелікке өтсе.

Сондай-ақ Қазақстанда заң жүзінде педофилге алғаш рет химиялық кастрация жасалмақ. Сот шешімінен соң, арнайы өтініш денсаулық сақтау министрлігіне түскен. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаеваның айтуынша, оны іске асыруға дәрігерлер мен психиатрлардың бірлескен шешімі қажет.