Русский Сайттың толық нұсқасы

Жылу ақысын төлемеген жүздеген оралдық көлігінен айрылып, жаяу қалды

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2018
  • 2388

Оралда жылу ақысын төлемеген жүздеген оралдық көлігінен айрылып, жаяу қалды. Жыл басынан бері борышкерлердің 150 автосы айыптұраққа қойылған. Көліксіз қалғаны жанына батқан тұрғындар бірден қарызын төлеуге кіріскен. Қазір айыптұрақта «Тойота Хайлюкс», «Лексус», «Мерседес», «Мазда», «Фольксваген Поло», тіпті «Камаз» секілді 68 мәшине ғана қалыпты. Иелері борышын өтемейінше, бұл көліктер осында тұрады. Жылу ақысын төлеуге асықпайтындарға қолданылар шара қатаң: берешек азаматтардың үй-жайы мен көлікті тәркілеу үшін қарыз 25 мың теңгеден асса жеткілікті.

Динара Сисенғалиева, «Жайықжылуқуат» АҚ бөлім басшысы:

Биыл 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үшеуі 1 тәулікке қамалды, тағы біреуіне айыппұл салынды. Енді 11 борышкерге сот шешімі шығарылып, қамауға алынады. Егер бұдан нәтиже шықпаса, борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қарызды қайтару үшін, қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз.

Бүгінде 638 жылжымайтын мүлік пен 68 автокөлікке тыйым салынған. Ал 324 азаматтың жалақысы мен зейнетақысынан жылу ақысына қарызы ұсталады. 368 борышкер шетелге шыға алмайды. Бұған қоса 129 азаматтың банктегі есеп-шоты тұтқындалған. Қазір оралдықтардың жылуға берешегі 368 миллион теңге. Ал «ЖайықЖылуҚуат» орталығының газберушілерге қарызы 260 миллион теңгеге жетіпті.