Русский Сайттың толық нұсқасы

Балаларды емдеуге 205 млн теңге жиналды

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2018
  • 2606

Науқас балаларды емдеуге 205 млн теңге жиналды. «Burabike-2018» алтыншы қайырымдылық велошеруі осындай нәтижемен аяқталды. Шара кезінде түскен қаржы түгелдей балалар ауруханаларын медициналық жабдықпен қамтуға аударылады.

Burabike Көкшеде жыл сайын ірі бизнес өкілдері, саясаткерлер, атақты спортшылар және қоғам қайраткерлеріның басын қосады. Биылғы шараға Азиаданың екі дүркін чемпионы Алексей Луценко да өз үлесін қосты. Әйгілі шабандоздарды да осы жерден көруге болады.

Алексей Луценко, Азиада екі дүркін чемпионы:

Мен үшін Бурабайда өтіп жатқан қайрымдылық шарасына қатысқаныма құрмет. Шақырғандарына рахмет. Ал Азиадада екі медаль жеңіп алғаным елімнің дамуына үлес қосуыма мүмкіндік берді.

Александр Винокуров, Олимпиада чемпионы:

Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Бұл үлкен қуаныш. Осындай қайрымдылық іс-шарасының ұйымдастырылып отырғанына рахмет. Елдегі әр баланың өмірін аман алып қалуға септігін тигізеді.

Биыл науқас балаларға екі мыңнан астам қайырымды жан көмек қолын созған. Ал 600-ден астам шабандоз жарыс жолында 30 шақырым қашықтықты бағындырды.

Павел Ким, қатысушы:

Бұл велошара Азиада чемпиондарымен бірге велосипедпен жүруге үлкен мүмкіндік. 30 шақырымды еңгергенде өзінді кәсіби велосипедші ретінде сезінесін. Сондықтан барлығына рахмет.

Велошеруден бөлек, қайырымдылық аукционы да өткізілді. Мәселен, Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар бокс қолғабы 6 млн-ға сатылды. Ал, "Барыс" командасының капитаны  Брэндон Бочинскиидің формасы 3 млн теңгеге қолдан кетті. Сондай-ақ, Astana Pro Team-нің бірегей велосипеді, Зарина Диястың ракеткалары, Пеленің қолтаңбасы бар футболка лот ретінде саудаға түсті.

Марат Айтмағанбетов, Б.Өтемұратов қорының директоры:

Денсаулық сақтау, білім беру және мәдениеттің дамуына жәрдемдесе отырып, адамдардың өмірі үшін бүгін және болашақта Қазақстанның дамыған елге айналуына ықпалдасу  - басты мақсатымыз. Барлық меценаттарға рахмет.

Шара кезінде жиналған барлық қаражат Мерке,Тимирязев, Панфилов, Алакөл, Ағадыр аудандық емханаларына қажетті медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Айта кетейік, игі шараны ұйымдастырушы - "Риксос Бурабай" қонақ үйі мен Болат Өтемұратов қоры.