Русский Сайттың толық нұсқасы

Шенділерден жалпы құны 70 миллион теңгеге жуық қаражат табылған

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2018
  • 2424

Ал кеденшілер инфляцияны пысқырмайды. Өйткені параны доллармен алады. Павлодар облыстық мемлекеттік кіріс департаменті басшысы мен оның сыбайласын тінту кезінде 160 мың АҚШ доллары, 10 жарым миллион теңге және 9 қымбат швейцарлық сағаттар табылды. Бұл байлықтың барлығы Ернұр Байқұрманов пен сол мекеменің құрамындағы экономикалық тергеу қызметінің басшысы Азамат Бейсембаевқа тиесілі. Олар кәсіпорын өкілінен алған 100 мың АҚШ долларын қайтару кезінде қолға түсті. Тергеу материалдарына сенсек, шенділер жеке компанияға 1.1 миллиард теңге салықтан жалтаруға көмектескен көрінеді. 

Нұрлан Жахин, ҚР Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі:

Сотқа дейінгі тергеу аса ірі пара алу бойынша жүргізіліп жатыр. Оның санкциясы мүлкін тәркілеу мен мемлекеттік қызметте лауазымды қызметте болу құқығынан айыру мен параның 70-80 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға немесе 10 жылдан 15 жылға дейін айыру жазасын көздейді.