Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да шенеуніктер Мамлют ауданындағы жалғыз педиатрды үйінен қуып шықпақ

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2018
  • 3225

Солтүстік Қазақстанда шенеуніктер Мамлют ауданындағы жалғыз педиатрды үйінен қуып шықпақ. 2010 жылы қаладан ауылға көшкен төрт білікті маманға жергілікті әкімдік су жаңа баспана берген. Араға 3 жыл салып билік өкілдері үйдің жалға берілгенін жариялап, келісімшарт жасауды сұрайды. Ақ халаттылар ай сайын 11 мың теңгені көтере алмаймыз дейді. Дәрігерлерді көндіруге тырысқан атқамінерлер қаһарына мінсе керек. Үйдің ақысын төлеуден бас тартқан медицина қызметкерлерін сотқа беріп, үйді босатуды талап етіп отыр.

Кристина Белоусько, дәрігер:

Бізге осы жылдың сәуір айында қайтадан келісімшарт жасасу ұсынылды. Бірақ, құжатта пәтердің ақысы жылдың басынан төлену керек деп жазылған. Сондықтан біз оған қол қойған жоқпыз. Енді әкімдік бізді сотқа берді. Олар соңғы үш жылдың жал ақысын өтеуді талап етіп отыр. Мәселен, мен 514 мың төлеуім тиіс. Мен үйді жалға алуға қарсы емеспін. Бірақ, 3 жылға емес, осы жылдан бастасақ.

Бір қызығы сот процесі басталмай жатып аяқталды. Билік бірінші отырыста өз шағымдарын қайтарып алды. Медицина қызметкерлері мен шенеуніктер бір мәмлеге келген. Әкім үйлерді аудандық аурухана меншігіне өткізетінін хабарлады.

Серік Бәкеев, Мамлют қаласының әкімі:

Сондай возможность бар аударуға. Мен сотқа арыз бергеннен кейін барып олар оған келісті. Қазіргі уақытта аудан әкімдігінен бүкіл хаттар облыстық акиматқа жіберіліп жатыр. Көп болса, бір жарым-екі айдың ішінде болады. Екі айдан кейін үйлер олардың аттарына түседі,  дәрігерлер тұра береді.