Павлодарлық мектептерде нан-тоқаш өнімдері байытылған ұннан пісіріле бастады. Қазірде тоғыз мектепте ас атасы - нан арнайы ұннан әзірленеді. Өңірде былтыр темір тапшылығы анемиясына алты мың адам шалдыққан. Оның 43 пайызы - балалар. Темір тапшылығы жас ағзаның физиологиялық өсуін тежейді. Осылайша, денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі. Қаладағы №25 мектептің асханасы байытылған ұнды былтырдан пайдалана бастаған. Сөреде самсап тұрған барлық тәтті-тоқаш пен бәліш, тіпті нанның өзі осындай ұннан дайындалады.
Бақыт Әбдірахманова, технолог:
Оның
ішінде неше түрлі өсуіне, ойына, қабілетіне қажет дәрумендер бар. В1, В2,
фолеовый қышқылы дейді. Темір. Бәрін өз қолымызбен істейміз. Таңертең келіп,
аспазымыз бар, көмекші қыздарымызбен, бәрі көмектеседі.