Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңыр тұрғындары тегін медициналық көмекке қол жеткізеді - Е.Біртанов

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2018
  • 3238

Сондай-ақ енді Байқоңыр тұрғындары тегін медициналық көмекке қол жеткізеді. Бүгін сенаторлар тиісті құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Енді Төретам мен Ақай кенттерінің тұрғындары біздің медициналық көмекке жүгіне алады. Бұған дейін Байқоңырда Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлімі ашылған. 1-ші қаңтардан бері оған 17 мыңға жуық адам тіркеліп үлгеріпті. Естеріңізге салсақ, бұрын-соңды Байқоңырда ресейлік медицина мен дәрігерлер жұмыс істеген. Сенаторлар бүгінгі құжатты «көптен күткен заң» деп қуана қабылдады.  Дегенмен, әлі де назар аударатын түйткілдер бар.

Бекмырза Еламанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осы мәселе кеше тұрғындармен кездесуге барғанда алаңдаушылық туғызып отыр. Емдеу мәселесі қазақстандық мекемелерде, ал профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар, екпе, вакциналар Ресей тарапында. Осы екі жақтылық бір түсініспеушілік тудырмай ма?

Елжан Біртанов,ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Әрине, бұл қазір осылай ұйымдасқан. Бұл мәселе бойынша ресейлік әріптестермен байланыс жасап жатыр. Көп мәселе жоқ, келешекте мұны да шешеміз.