Ел ішінде көмір тасымалы 10 пайызға өсті. Мұны Инвестициялар және даму министрлігі күзден қысқа дейінгі қатты отын тасымалын қайта бөлумен байланыстырып отыр. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы да отын тапшылығына байланысты былтырғыдай жағдай биыл қайталанбайтынына сенімді. Толығырық Данияр Әлімқұлдың бейнематериалында.
Биыл қазақстандықтар көмір тапшылығын көре қойған жоқ. Өйткені Инвестициялар және даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен әрі теміржолшылармен бірлесіп, өңірлерге көмірді уақытылы жеткізуді бақылауда ұстады. Қазір барлық жерде көмір жеткілікті. Агенттік апта сайын қатты отын қамбаларын қатаң қадағалап отыр.
Жанат Игисинов, Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің таулы- металлургия басқармасының басшысы:
Біз аптай сайын көмір
өндірісіне мониторинг жасаймыз. Әрі оны жөнелтуді, содан кейін жіберілген көмірдің жергілікті атқарушы
орынға жеткені жайлы сондай-ақ, көмірді түсіру нысандарындағы жағдайды жіті
бақылаймыз. Біз қазір қатты отынға
байланысты қай қалада, қандай орындарда
көмір түсіру бекеттері бар және онда қанша көлемде көмір бар-жоғы туралы әрі көмір қоры мен оның орташа
мазмұны, маркасы жайлы апта сайын
ақпарат алып отырамыз.
Биылғы жылдың
тамыз айының өзінде тасымалданған көмір көлемі 9 млн тоннадан асады. Бұл дегеніміз - былтыр осы уақытта тасымалданған
көмірдің көлемінен 1 млн тоннаға көп
деген сөз. Ел ішіндегі көмір өндіру шахталарынан 6,3 миллион тонна қатты отын жеткізілді. Бұл былтырғы жылмен
салыстырғанда 9 пайызға жоғары
көрсеткіш. Көмірдің тоқтаусыз тасымалы теміржолшылардың тынбай жұмыс істеуінің
арқасында жүзеге асты. Бұл ретте тасымалдау парктерінің қазіргі мүмкіндігі стратегиялық өнімді жеткізуге жеткілікті.
Бүгінде вагондардың паркі 54 мың бірлікті құрайды. Сонымен қатар, тұтынушыларға көмірді тұрақты жеткізу үшін жүкті жөнелтушілер белгілі бір аймаққа
қанша көлемде қатты отын қажеттігі туралы жүктемені уақытылы жоспарлауы
тиіс. Бұл отынды тасымалдау ритмін бұзбайды әрі күзгі маусымда көмірден туатын кикілжіңге жол
бермейді .
Нұржан Келбұғанов, «ҚТЖ-көлік тасымалдау» АҚ-ның департамент директоры:
Бізде көмірді жеткізу тұрақты тәуліктік бақылауда. Компанияда көмірді уақтылы тасымалдау, барлық жүк жөнелтушілердің өтінімдерін дер кезінде қамту, вагондардан отынды уақытылы түсіріп, оларды кері қайтару үшін вагондар айналымын жүзеге асыруда штаб құрылған.
Көмір өндіретін кәсіпорындарда тасымалдың өсуі байқалады. Мысалы, Екібастұз ГРЭС-не, Алматы, Астана және Қарағандыға қатты отын жеткізетін «Богатырь-Көмір» серіктестігіне деген сұраныс артып келеді. Жыл соңына дейін компания 3 млн тоннадан аса көмір жеткізеді.
Ғалымбек Іргебаев, «Богатырь көмір» ЖШС техникалық директоры - бас инженері:
Вагондардың тұрақты тасымалы мен тұтынушының бізге деген сенімі жеткізу жүктемесіндегі тасымалды жүзеге асыруда бойымызға үлкен күш береді.
Жалпы биылғы жылы 106 млн тонна
көмір тасымалданбақ. Ал жылдың соңғы үш айында 10 млн тонна қатты отынды
жеткізу жоспарланып отыр.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ