Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда коворкинг орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2018
  • 4375

Атырау қаласында алғаш рет мектеп жанынан балаларға арналған коворкинг орталығы ашылды. Заманауи үлгіде жасақталған орталықтың ашылуына "Нұр Отан" партиясы Атырау облыстық бөлімі қолдау білдірген. Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасалған. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ секілді ойын ойнауға, қалаған әдеби кітаптарды оқуға мүмкіндік бар. Бір мезетте 60 баланы қабылдайтын коворкингте балалар мен ата-аналарға арналған түрлі тренингтер мен интеллектуалдық сайыстар өткізу жоспарда барАйта кетейік, өңірде «Қазақстан кітапханалары - Білім орталықтары» атты партия жобасы аясында тағы 10 кітапхана жанынан коворкинг жұмыс істеп тұр.

Әлібек Семғалиев, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы фракциясының мүшесі:

Мектеп кітапханалары жанынан балалар коворкинг орталықтарын ашу - қазіргі заман талабы. Бұл демалыс аумақтары балалардың ой-пікірін, шығармашылығын арттыруға арналған. Алдағы уақытта нұротандықтардың қолдауымен коворкинг орталықтардың саны көбейеді деген сенімдеміз.