Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ доллары бүгін тағы күшейді

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2018
  • 3164

Жаңа Қаржы министрі қазынаны қаншалықты қатты ұстайды. Көреміз. Ал теңге бүгін тағы әлсіреді. Ақша айырбастау нүктелерінде 1 доллар 382 теңгеге сатылып жатыр. Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында 50 мыңнан аса көк қағаз сатылған. Оған валюта нарығындағы 19 ойыншы қатысып отыр. Шетел валютасының күн санап күшейіп бара жатқаны ел тұрғындары үшін үйреншікті жағдайға айналғандай.

Доллар өскен сайын бізге де қиын болды. Киім, жүріп тұруымыз, азық-түлік қымбаттап, қара халық қиналып жатыр доллар өскен сайын.

Қандай валютамен сақтайтын едіңіз ақшаны? Қазіргі уақытта, әрине, доллар. Теңгенің жағдайы қалай болады, халыққа қалай әсер етеді, халықтың өміріне қалай әсер етеді? Әрине, ойландырады.

Ал толассыз санкциядан соң, Ресей сыртқы саудада рубльмен есеп айырысуға көшпек. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлайды. Ресейдің сауда-өндірістік палатасы төрағасы Сергей Катырин бизнес пен шетелдік серіктестер рубльмен жұмыс істесе қарсы еместігін мәлімдеген. Оған қоса  Қытай, Иран мен Үндістан ішкі төлем жүйесінен АҚШ долларын алып тастауды қарастырады. Катар мен Турция да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқаны мәлім.