Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде «Ланд Крузер» жүргізушісі полицейлерге пышақ сермеді

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2018
  • 2995

Ақтөбеде «Ланд Крузер» тізгіндеген бұзақы жол полициясына пышақ сермеген.  Оқыс оқиға кеше кешкісін қала орталығында болды. «Ланд Крузер-200» жүргізушісі екі бірдей көлікті соғып, оқиға орнынан қашып кетуге әрекеттенген. Оны тоқтатуға ұмтылған жол полициясына пышақ сермеп қарсылық көрсетіпті. Осы кезде полицейлер аспанға бірнеше рет оқ атқан. Жүргізуші содан соң райынан қайтып, берілді. Тексере келе жол талғамайтын көлік жүргізушісінің бұрын сотталғаны анықталған. Ол Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Ал ұсталған кезде оның есірткі тұтынғаны анықталыпты. Қазір абақтыға қамауға алынды.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы:

Көліктен жүргізуші шығып полицияға ұмтылған. Полицияның пышақты тастау туралы талаптарын орындамай қашуға ұмтылған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.