Русский Сайттың толық нұсқасы

СІМ қатысуымен Қазақстан-Қырғыз шекарасында өту туралы мәселе ведомствоаралық комиссияда талқыланатын болады

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2018
  • 2542

Қазақстан-Қырғыз шекарасында сегіз бекет туристерді өткізіп үлгермей жатыр. Паспорттық бақылау желілерін арттыру мәселені шеше алмайды, дейді мәжіліс депутаттары. Әсіресе, Қордай және Қарасу пунктерінде жолаушылар мен транспорттың бұрынғыдан әлдеқайда өскені байқалады.  Депутатардың айтуынша, жағдай  демалыс маусымында ушығады. Биыл шекарашылар паспорттық бақылау және құжаттарды тексеру желілерінің санын 36-ға дейін ұлғайтқан, алайда бұл да мәселені шешепепті.

Дархан Ділманов, ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:

Қазір реконструкциядан кейін осы жерлерде 60-қа паспортты тексеру желісі орнатылады. Жобалық-сметалық құжаттама бар, барлық тиісті өтінімдер берілді. Инвестициялар және даму министрлігі - бұл бақылау-өткізу пунктін қайта жаңғыртады. 2019 жылы бұл жағдай жақсарады деген үміттеміз.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы:

Түсінесіздер ме, адамдар сарылып күтіп отыр. Басшылар осы мәселені беске біледі. Паспортты тексеру желісі 20 болды, 30-ға дейін жетті. Келесі жылы ол 60 болады деп жатыр. Бірақ шекарада өтетін есік небәрі төртеу болса, паспортты тексеру қанша көбейсе де, жағдай өзгермейді.