Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапармен барды

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2018
  • 3689

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Мемлекет басшысы Анкарада Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті. Кездесуде мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайип Ердоған халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.