Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда екі жеткіншек көп қабатты үйден секіріп кетті

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2018
  • 2676

Екібастұзда екі қыз көп қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті. Қайғылы оқиға түнгі сағат 1-лер шамасында болған. Жансақтау бөлімі мамандары қос қыздың өмірін ажалдан арашалап қалу үшін үш сағат бойы арпалысқан. Алайда, біреуі алған жарақатынан тіл тартпай кетті. Екінші оқушының да хәлі «ауыр» деп бағаланады.

Нариман Шахмардан, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Ашық ми-бас жарақаты, бет сүйектерінің ашық сыну, бас сүйектің соғылуы, омыртқаның мертігуі, іштің тұйық жарақаты, травматикалық шок деген диагноздар қойылды. Дәрігерлер қыздың өміріне араша түсу үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Қандай да бір болжам айтуға ерте.

Белгілі болғандай, қыздар 9-сыныпта оқыған. Кеше екеуі де сабаққа қатысыпты. Кешкісін құрбысына қонаққа баруға бірі үй ішінен сұранып кеткен. Қаза болған 15 жасар қыз тәртібіне байланысты Кәмелетке жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекцияда есепте тұрған.