Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты басқару комитетінің төрағасын қабылдады

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2016
  • 1651

Отандық мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін инновациялар мен озық халықаралық тәжірибелер енгізілсін. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты басқару комитетінің төрағасына осындай тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Өз кезегінде Әлихан Байменов Елбасын өңірлік хабтың осы кезеңге дейінгі жұмыс қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабардар етті. Астана хабына қатысушылардың саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға дейін өскенін жеткізді.  БҰҰ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық одақ, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия және ТМД елдері оған қатысушы және серіктес болып отыр, деді комитет төрағасы.

Әлихан Бәйменов, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты басқару комитетінің төрағасы:

Елбасының тапсырмасымен құрылған Астана хабы бүгінігі күні Сингапур хабымен бірге әлемдегі танымал халықаралық мемлекеттік қызмет саласындағы білім және тәжірибе алмасу орталығына айналды. Әлемдегі дамыған 34 елді біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Астана хабы арқылы осы ұйымның қағидаттары мен стандарттарын аймақ еліне тарату жобасын да қарастырып отыр. Яғни Астана хабы 3 жылдың ішінд толық аяғынан тұрып, қазір Елбасының алдымызға қойған жаңа міндеттерін орындауға толығымен әзір. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА