Қордайда қарақшылар тобы қолды қылған заттарды қабірде сақтаған. Полицейлер ауданда талай адамның үйін тонап, тақырға отырызып кеткен ұрыларды ұстады. Әзірге 3 күдікті қолға түсті. Олардың екеуі Қордай ауданы, үшіншісі Алматы қаласының тұрғыны. 34 және 40 жастағы екі күдікті бұған дейін ауыр қылмыс жасағандары үшін сотталған.
Арман Оразалиев, Жамбыл облыстық ІІД бастығы:
Күдіктілер өз кінәсін мойындап, Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Еске салайық, тамыз айының басында Қордайда бірнеше үйге қарақшылық шабуыл жасалған. Тіпті бұзақылар ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлімше етіп сабап кеткен болатын. Ауыр жарақаттан 68 жастағы қария аурухана төсегінде көз жұмды Осы оқиғадан соңы, ауыл тұрғындары жаппай тәртіп сақшыларының жұмысына шағымданған.