Иә, виртуалды ақшадан гөрі құнын ешқашан жоғалтпайтын алтын артық. Ақша айырбастау нүктелерінде айналымға шығатын алтын құймалар үшін кәсіпкерлерге қосымша салық салынбайды. Жыл соңына дейін еліміздегі айырбас пункттерінде алтын құймалар сатыла бастайды. Ал валюта нарығындағы кәсіпкерлерге құймаларды тікелей Ұлттық банктен сатып алуға жағдай жасалған. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде сатылатын алтын құймалардың бағасы айырбас пункттерінде әлдеқайда арзан болады
Аршын Ғалымбаев, Қазақстан қаржы айырбастау орындары қауымдастығының президенті:
Алтын құймаларды айырбастау орындарында сату, сатып алу үшін ешқандай қосымша салық көзделмеген. Әрі қандай да бір қиындықтар мен кедергілер мүлде болмайды. Кәсіпкерлер өзге валюталармен жұмыс істегендей құнын тақтаға жазып, кәсібін баяғыдай жалғастырады.
Айта кетейік, бүгінде елде 9999 үлгісіндегі алтын құймалардың 4 түрлі номиналы нарыққа шыққан. 10, 20, 50 және 100 граммдық. Қызығушылық жоғары болса, 5 граммдық құймалар шығару да жоспарда бар.