Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің бес әлеуметтік бастамасының Ақтөбедегі орындалу барысымен Тамара Дүйсенова танысты

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2018
  • 2474

Ақтөбедегі аз қамтылған отбасылардың баспаналы болуына жаңа мүмкіндік. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша төленетін алғашқы жарнаның 10 пайызын жергілікті әкімдік өз мойнына алмақ. Бүгін облыс әкімдігі мен "Баспана" ипотекалық компаниясы осындай меморандумға қол қойды.  Бұл бастаманы «Нұр Отан» партиясы мүшелері көтеріп, ұсыныс жасаған. Президенттің өзге де әлеуметтік бастамаларының орындалу барысымен партия хатшысы Тамара Дүйсенова танысты.

Партия хатшысы ең әуелі «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында болып, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабтты 6 тұрғын үйдің құрылысын аралады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін бұл баспаналардың құрылысы бір жыл бұрын басталған. Бағдарлама бойынша  бастапқы 20 пайыз жарна, енді 10 пайызға азайтылады. Яғни облыс әкімдігі мұны өз мойнына алып отыр. 

Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Бұл негізінен әлеуметтік қамсыздануға жататын азаматтарға, жетім балалар, көп балалы отбасылар, сосын жалақысы төмен азаматтарға деп белгілі бір категорияғадағы азаматтарға берілетін болады. Екінші екі миллиардтан астам қаражат сол азаматтардың алғашқы жарналары кемітіледі. Бұл үлкен мүмкіншілік деп отырмыз.

Мұндай ұсынысты ипотекалық компания мен жергілікті билікке "Нұр Отан" партиясы ұсынған. Өңірде партия бастамасымен бұдан бөлек, екі жаңа жоба жүзеге асырылады. Бірі «Бірыңғай геоақпараттық порталы». Мұнда кез келген адам бос жер учаскелеріне қатысты қажетті ақпаратты ала алады. Ал екіншісі - оқушыларды дұрыс  тамақтандыруға бағытталған - «Мектептегі тамақтану комбинаты». Пилоттық жоба қаладығы бес мектепте басталды.

Менің ойымша, ең қауіпсіз жүйе, ол - толық даярлау жүйесі. Өйткені ол балалар үшін қауіпсіз.  Мектептерде кейде  біз талаптарға жатпайтын көріністі байқаймыз. Ал бізде тек кәсіби мамандар сапалы, ең бастысы, құнарлы ас әзірлейді.

Партия хатшысы колледждегі IT орталықта болды. Сондай -ақ бес әлеуметтік бағдарлама бойынша қаржыланған балабақша жұмысымен танысты. Жас мемлекеттік қызметкерлермен де кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Бақыт РАХМЕТОВА