Русский Сайттың толық нұсқасы

Үздік деп танылған 33 жас маман елдің ең ірі компанияларына жұмысқа орналасады

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2018
  • 2224

Үздік деп танылған 33 жас маман елдің ең ірі компанияларына жұмысқа орналасады. Бүгін «Самұрық-Қазынаның» «Цифрлық жаз-2018»  бағдарламасының қорытындысы жарияланды. Олар «Microsoft», «Oracle» және «Cisco» сияқты IT саласындағы үздік компаниялардың оқыту бағдарламаларын меңгерген. Енді осы тәжірибелерін елде қолданбақ.

Жобаға 2100 үміткер ішінен іріктеліп, 65 жас IT маманы қатысқан еді. Олардың арасынан үздік деп танылған жас мамандар Қазақстанның ең ірі компанияларына жұмысқа орналасатын болады. Түлектер бағдарлама аясында Қордың электронды құжат айналымға көшу жобасын дайындауға атсалысты. Телеграм-бот үшін Java тілінде жаңа бұйрықтарды құрастырды және басқа да тапсырмаларды орындаған.

Назерке Нұрғазина, қатысушы:

Жастараға жұмыс табылды. Қай бағытта мамандық керек екенін білесің. Қазіргі заманға сай нарықтың қолдауына келетін инновациялық программалармен жұмыс істедік. Жаңадан проектер көп болып жатыр. Солардың барлығына қатысқанымыз, Қазақстанның ең басты компаниясы болғандықтан, жаңалықтардан біз қалмаймыз. Сондықтан бұл өте қызықты жоба.

Болашақ әріптестерін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов құттықтады. Ол бағдарламаға қатысқысы келген үміткерлер саны көп болғанын атап өтті.

Әлішер Пірметов, «Самұрық-Қазына» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры:

Үлкен конкурс арқылы сіздер іріктеуден өттіңіздер. Біліктілік деңгейлеріңізді, қабілеттіліктеріңізді көрсете білдіңіздер. Ақпарат құралдарынан білетін шығарсыздар, 2100 азаматтың ішінен 33 азаматты іріктеп алдық. Тәжірибелі азамат деп санаймыз. Өйткені сіздер қызмет жасаған компания басшылары тарапынан жақсы-жақсы лебіздер жетіп жатты. Еңбектерңізге жақсы баға берілді.

Айта кетейік, биыл сәуір айында «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы Қордың кадрлық саясатын жаңартып, көпшілікке таныстырған болатын. Холдингке қарасты еншілес компанияларда жұмысқа қабылданатын үміткерлерді іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ететін бірыңғай жүйесі енгізілген.