Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғары атқарушы биліктегі өзгерістер. Біліктілік сынағы

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2018
  • 1255

Аптаның маңызды жаңалығы – Астана әкімі Әсет Исекешевтің Президент әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалып, оның орнына Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың әкім болуы. Исекешевті «креативті шенеунік» дегенмен, нөсер жауса Астананың сол жағалауының қайықпен жүретіндей көлге айналатынын, үлескерлер дауының бітпегенін білетін адамдар бәрінің салыстырмалы түрде екенін түсінеді. Астананың сасық иістен арылғанын еске түсіреді. Ал мектептерге бала сыймай жатқаны, қыстыгүнгі пештен шыққан түтіннің қоюлығы – тұман түскендей айнала көрінбей кететіні оған тікелей байланысты емес, дегендей. Мәселе ашық жұмыс істеуге тырысуда шығар. Адамдар әкімнің әлеуметпен әлеуметтік желі арқылы араласқанын бағалайды. Юморды түсінетінін де.

Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының Президенті:

Индустриялық бағдарламаны орындауға бүкіл Қазақстан бойынша көп еңбегі сіңді. Жаңалыққа жаны жақын, жас. Сондықтан әкімшілікте көп пайдасын тигізеді деп сенемін. Жұмыс көп істейтін. Особо хочу подчеркнуть, что сейчас работа переходит на региональный уровень, деятельность акиматов всех уровней надо контролировать, помогать и работать.

Жаңа қызметіне байланысты «Исекешевке», дегенмен, шын мәнінде жоғары атқарушы билікке қарата айтылып жатқан сөздер бар. Мысалы, саясаттанушы А.Сарым еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін нығайту туралы жазды. «Ақпараттық кеңістік әлсіз, бәсекеге қабілетсіз. Журналистік қауымдастық пен билік арасында сенім орнатып, орталықтандырудан арылу керек, бұқаралық ақпарат құралдары бір адрес үшін емес, көрермен мен оқырман үшін өзара бәсекеге түсуі тиіс», деген ол. Көлеңкелі экономикамен күрес, шағын және орта бизнесті қолдауда оңшыл көзқарас, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауда солшыл көзқарас ұстануды жазған.

Астана әкімі болған Бақыт Сұлтановқа келсек, мысалы, Энергетика министрі, әкім болып істеп көрген Қанат Бозымбаев «бұл өзіңді нағыз сынайтын шақ» деген сипаттағы пікірін білдіріпті. Бірінші рет әкім болған досына сәттілік тілеп. «Досым» деп өзі айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының Президенті:

Важно создать комфортную среду для продвижения инноваций и роста креативных людей. Для этого следует разработать долгосрочную стратегию развития города до 2050 года. К 2030 году по нашим расчетам население города превысит 2 млн человек. К этому нужно готовиться уже сейчас.

Айтпақшы, Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы қала көшелерін су басқан кезде қайықпен жүрген тұрғындарды әкімшілік жазадан босатқанын олардың адвокаты фейсбук желісінде хабарлады. Судья Жандос Садыбек пен Дмитрий Кирилловтің әрекетінде «әкімшілік құқық бұзушылық белгілері жоқ» деп таныған.

Тамыздың 20-сында нөсерден әдеттегідей, қаланың бірнеше көшесін су басқан. Сол күні Жандос пен Дмитрийдің шағын резеңке қайықпен жүзіп жүрген видеосы интернетте жарияланған. Кейін қалалық ішкі істер департаменті «ұсақ бұзақылық жасау» бабы бойынша хаттама толтырып, қалалық сот әрқайсысына бес айлық есептік көрсеткішке (бір айлық есептік көрсеткіш 2405 теңге) тең айыппұл салған. Көпшілік жігіттерді қолдаған.

Ал осы күндері әлеуметтік желіде «БАҚЫТТЫ жандармыз, қалалардың СҰЛТАНЫНДА өмір сүреміз» деп әкімнің аты-жөніне орай достық рәуіштегі әзіл жазылып жатыр. Ол әзілдің ащы сөзге айналып-айналмайтынын еститін уақыт алыс емес – Астанада қар ерте түседі. Біліктілік сынағы. Жалпы, біліктілік сынағын тапсырушылардың арасында қайтадан әкім болған Әбдірахимов те бар. «Зың» деп өздері айта береді, шын мәнінде «зың» қыла ма? Бағдарлама соңында сюжет Шымкент туралы бар.