Русский Сайттың толық нұсқасы

Аумақтық қорғаныс басқармасының міндеттері мен құрылымы анықталды

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2016
  • 4057

Әскер қатарынан зейнетке шығып, бірақ қызметтік баспаналарды босатпаған әскерилердің үйлері Қорғаныс министрлігінің пайдасына қайтарылуы мүмкін. Ал баспанадан айырылған әскер зейнеткерлеріне 4 млн теңге көлеміндегі бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі. Тиісті нормалары бар заң жобасы бүгін парламентте таныстырылды.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын зейнеткерлерге баспананы жекешелендіру құқығының орнына бір реттік төлем жасауды ұсындық. Осылайша, босаған пәтерлерді баспанаға мұқтаж әскерилерге берер едік.

Қорғаныс министрлігі сонымен қатар қызмет бабымен және қызметтен тыс уақытта қаза тапқан әскеридің отбасына қайтарымсыз баспана беруді ұсынады.

«Қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында сондай-ақ аумақтық қорғаныс жасақтарын құру мәселесі жазылған. Ол үшін жаңа әскери бөлімшелер жасақталмайды. Оларға тек қажеттілік туындаған күнде жергілікті аймақтың әскерге міндетті азаматтары сапқа тұрады. Олардың әскери-техникалық қамтамасыз етілуі Қорғаныс министрлігінен, ал материалдық шығындары жергілікті атқару органдардың есебінен жабылады, - дейді Талғат Мұхтаров.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Қазір елдің барлық облыстарында әскерге міндетті азаматтардың қызметін реттейтін басқарма құрылды. Олар төтенше, әскери жағдайлар, табиғи апаттардың салдарымен күресу қажет болғанда, сапқа тұрады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ