Русский Сайттың толық нұсқасы

Геннадий Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2018
  • 2466

Геннадий мен Сауль арасындағы үшінші айқас бір жылдан кейін болуы мүмкін. Жекпе-жектен кейін осындай ақпарат тарады. Ал Головкин шаршы алаңға қайта оралатынын мәлімдеп үлгерді. Биылғы жылдың басты спорт додасы бұл жолы да дауға ұласты. Жұрт пікірі тағы да қақ айырылды. Ешкімнен жеңіліп көрмеген Головкиннің тізе бүгуі қазақстандықтарды есеңгіретіп тастады. Тілші материалында толғырақ.

Жексенбі. Жеңіл ақшаға желіккендерді еліктіретін букмекерлік орталықтарда Геннадий мен Альварестің айқасы қызу саудаға түскен сияқты. Былтыр 10 миллион теңгелік көлік бәске салынса, 5 млн теңгелік темір тұлпар ұтысқа қойылған.

Осыған дейінгі қарсыластарын бүк түсіріп келген Генаның бұл жеңілісі жанкүйерлердің еңсесін түсіргені рас. Көптен күткен айқастың сәтсіздігіне ересектер эмоция білдіре қоймағанымен, балалар көз жастарына ерік берді.

Қазақстандықтар "жеңіс бар жерде жеңіліс те бар" деп, Геннадийге қолдау білдіріп жатты. Жекпе-жекте жолы болмағанын мүшел жасқа кіруінен деп жұбатқандар да болды. Ал қазақстандық боксшы соңғы баспасөз конференциясында үшінші айқасқа реванш жариялау үшін жұмыстар жүретінін мәлімдеді.

Геннадий Головкин, кәсіпқой боксшы:

Бүгін көп нәрсе айтуға болады. Ең алдымен «Канеллоны» құттықтағым келеді, себебі бүгін ол үйіне чемпион болып қайтты. Мен боксшымын, спортшымын, айтарым, өз жұмысымды әрі қарай жалғастыра бермекпін. Әрине, біз үшінші айқас өткізгіміз келеді, бұл туралы әлі сөйлесеміз. Тағы айқас өткізсек, керемет болушы еді.

Уатхан Қабылтайұлы, тілші:

Бұл айқасты бірі спорт десе, бірі бизнес деп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл жолы Головкиннің табысы қомақты болған көрінеді. Миллиондаған көрермендерді қызықтырған шоуда судья шешіміне күдік тудырғандар да болды. Дегенмен қазақстандық боксты әлемдік деңгейде паш еткен былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің ел тарихында қалатыны анық.